“Асар” жәрмеңкесі

ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің «ASAR» үшжақты ынтымақтастық
II республикалық форумы Алматы облысында өтеді

ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің «ASAR» үшжақты ынтымақтастық
II республикалық форумы «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» тақырыбы бойынша ағымдағы жылдың
21-22 маусымында Талдықорған қаласында өтеді.

Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған.

Форум жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, бизнес құрылымның, отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде «Өңірлерге арналған әлеуметтік бастамалар», «Жергілікті өзін-өзі басқару тұрақты дамудың негізі» және «Жергілікті қоғамдастық және инновация» тақырыптары талқыланады деп хабарлайды.

Екі күндік форум шеңберінде панельдік сессиялар, мастер-класстар, case-stady семинарлары, практикумдар және дебаттар өткізіледі. Іс-шараларды өткізу үшін 13 алаң ұйымдастырылады және сонша сарапшылар, оның ішінде 3 шетелдік сарапшы шақырылатын болады.

Сонымен қоса, asarprojects.kz әлеуметтік идеялар платформасында ҮЕҰ жобалары таныстырылады. Осындай платформа алғаш рет былтырғы жылы Атырау облысында ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің «ASAR» үшжақты ынтымақтастық I республикалық форумында ұйымдастырылған болатын. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін өткізу барысында 137 өтінім түсіп, оның 12 жобасы кәсіпкерлерден қолдау тапты.

«Бүгінгі күні әлеуметтік жобалар платформасына қатысу үшін конкурс аяқталды. Барлығы 203 өтінім келіп түсіп, оның ішінен 125 жоба іріктеліп алынды. Олардың барлығы asarprojects.kz сайтында жарияланған. Былтырғы тәжірибе үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларына бизнес бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Біз биыл осы бағытта үлкен жетістіктерге жетеміз деген сенімдеміз»,- деп Министрлікте атап өтті.

Сонымен қоса, жыл сайын форум шеңберінде ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдар арасында меморандумға қол қою рәсімі өткізіледі. Сонымен, былтыр өткізілген «ASAR» форумының нәтижесі бойынша
8 құжатқа қол қойылды, оның ішінде ҮЕҰ мен бизнес арасындағы серіктестік туралы 7 меморандумға және ДІАҚМ мен «Атамекен» ҰКП арасында серіктестік келісіміне қол қойылды.

Еске сала кетсек, форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ болып табылады.