ҮЕҰ-дың қаржылық тұрақтылығының

мемлекеттік құралдары

ҚР аймағында қызметтерін жүзеге асыратын

ҮЕҰ бойынша статистика

0 ҚР тіркелген ҮЕҰ

ҚР ӘМ 2018 жылғы 16 наурыздағы деректер бойынша

0 Жұмыс істейтін ҮЕҰ

ҚР ҚМ МКК 2018 жылғы 16 наурыздағы деректер бойынша

0 ҮЕҰ дерекқорына 2017 жылғы есепті уақытылы тапсырған ҮЕҰ-дың саны

Негізгі мемлекеттік құралдары мен ҮЕҰ-ның қаржылық тұрақтылығы бойынша

жиі қойылатын сұрақтар

1. ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?

ҮЕҰ Дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

2. Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.

3. ҮЕҰ дерекқорына қандай ұйымдар мәліметтер беру керек?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

4. ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін беру қажет.

5. ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша беру керек?

Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға (жүктеу) сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

6. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек?

Мәліметтер:

– қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол;

немесе

– ҮЕҰ дерекқордың (http://infonpo.kz) интернет-порталы арқылы 2018 жылы 31 наурызға дейін ұсынылады.

7. ҮЕҰ дерекқорына веб-портал арқылы, яғни электронды түрде мәліметтерді ұсыну тәртібі қандай?

Иә, бұл мүмкіндік сақталды. Мәліметтерді электронды түрде ұсыну үшін ҮЕҰ дерекқоры infonpo.kz веб-порталы қызмет атқарады. Веб-порталды тіркелу/авторизациялау үшін заңды тұлғаға электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ немесе сертификат) қажет. ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын бөлімшесіне өтінім бере аласыз.

ҮЕҰ дерекқоры http://infonpo.kz интернет-порталына кірген кезде  ҮЕҰ пайдаланушы нұсқаулығымен таныса алады, онда алгоритм бойынша порталмен жұмыс істеу үшін әр қадамы көрсетілген.

8. Мәліметтерді қағаз түрінде ұсынған жағдайда оларды қай мекен-жайға жолдау керек?

Уәкілетті органға үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол ұсыну кезінде, мәліметтер ілеспе хатпен бірге мына мекенжайға жолданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

9. Есеп беру нысанын толтыру жөнінде ұсынымдар бар ма?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар infonpo.kz (https://infonpo.kz/wp-content/uploads/2017/09/Методика к Правилам каз..doc) сайтында орналасқан

10. Үкіметтік емес ұйыммен ағымдағы жылы мәліметтерді тапсыру, егер ол өткен жылы тапсырса міндетті ме?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өз қызметі туралы мәліметтер уәкілетті органға жыл сайын тапсырылады.

11. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорында ұсынуға міндетті ме?

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері өзінің қызметтері туралы мәліметтерді өздері ұсынбайды. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі туралы мәліметтерді «бас ұйым» ұсынады.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері бар (филиалдар және өкіледіктер) үкіметтік емес ұйымдар филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметті ұсынуы тиіс.

Егер «бас ұйым» барлық филиалдар туралы ақпарат, оның ішінде филиалдар немесе өкілдіктер ағымдағы жылы іске асырған және асырылатын жобалар туралы мәліметтерді ұсынбаса, онда мәліметтер толық деп есептелмейді және ҮЕҰ дерекқорына енгізілмейді.

12. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді беру мерзімінен кейін құрылған, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер ҮЕҰ дерекқорына енгізіледі ме? Мысалға, ұйым 2018 жылғы 10 сәуірде құрылды.

Егер келесі есепті кезеңнің басына дейін мәліметті ұсынған жағдайда, ұйым (ҮЕҰ дерекқорына мәліметті есепті кезеңнен кейін құрылған) ҮЕҰ дерекқорына енгізіледі.

13. ҮЕҰ-ның ҮЕҰ дерекқорында болуын қалай білуге болады?

ҮЕҰ дерекқорына мәліметті ұсынатын ҮЕҰ-ның тізбесі infonpo.kz сайтында орналасқан (https://reestr.infonpo.kz/web/guest/otkrytyj-reestr). 2018 жылғы есептік жыл бойынша мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ тізбесін қарау үшін, тізбенің үстіндегі «есеп кезеңі» фильтрінен 2018 жылды таңдау керек. Бұл тізбе мәліметтердің түсуіне қарай, жаңартылып отырады.

14. Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

15. ҮЕҰ-дар ҮЕҰ дерекқорында болған жағдайда қандай артықшылыққа ие болады?

ҮЕҰ дерекқорында болуы ұйымдарға ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжрибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік гранттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйақы таратуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы) сәйкес әлеуетті өнім беруші, «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы, 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларының (ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығы) 5-тармағына сәйкес сыйлықақылар Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес  тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

16. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну рәсімі жетілдіріп отыра ма?

ҚР Қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер беру рәсімдерін жеңілдету бойынша  жұмысты жалғастыруда. Сондай ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық жүйесін біріктіру бойынша  мәселе пысықталуды, бұл ҮЕҰ-ға ұйымдар қызметіне қатысты ақпаратты жыл сайын жаңартуға мүмкіндік береді.

17. ҮЕҰ дерекқорына қандай ұйымдар мәліметтерді ұсынбайды?

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының            7-1-тармағына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды.

ҮЕҰ дерекқоры

Бұл барлық үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай (саяси партиялар, діни бірлестіктер, акционерлік қоғамдарды қоспағанда), жыл сайын уақытылы өз мәліметтері туралы есеп түрінде www.infonpo.kz сайтына немесе қағаз ңұсқасында пошта арқылы ұсынады.

Толығырақ

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын іске асырудағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін не жасалып жатыр?

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру туралы
барлық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің
жаңа тетіктерін енгізу жоспарланып отыр. Бұл мәселені шешу үшін АҚШ
пен Еуропалық Одақтың тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс туралы барлық ақпарат жинақталып, тақырыпты
қалыптастыру және мониторинг жүргізу мен бағалауды аяқтау рәсімінен
басталатын электрондық ақпараттық ресурстарды әзірлеу және енгізу
мәселесін шешеді.
(Анықтама үшін: 2002 жылдан бастап, АҚШ-та барлық федералды
қаржыландыру бағдарламаларына орталықтандырылған
қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірыңғай онлайн платформасы
www.grants.gov әзірленді. Еуропалық Одақтың барлық гранттарына
қатысты ақпарат Интернетте қызмет саласына қарай санаттар
бойынша орналастырылады).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс

Үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысаны

Толығырақ

1. ҮЕҰ үшін гранттар енгізудің пайдасы қандай?

Гранттық қаржыландыруды енгізу ҮЕҰ-ларды өз жобаларын жүзеге
асыруға, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге
мүмкіндік берді және қаражаттың бір бөлігін институционалдық дамытуға
қалдырды. Гранттар беру ҮЕҰ-ға гранттар беру ережесіне сай іске
асырылады және олардың орындалуына мониторингке сәйкес жүргізіледі.
Грантты беру және оны жүзеге асыру мониторингі «Азаматтық
бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік
қоғамы түрінде құрылған үкіметтік емес ұйымдарды гранттық
қаржыландыру саласындағы оператор айналысады.
Қорларды жинақтау және ҮЕҰ-ға грант бөлу құқығы бар тәуелсіз
ұйым құрудың басты мақсаты осы қорларды берген тұлғадан: үкіметке
немесе жеке демеушіге ҮЕҰ-ға ақша аудару рәсімінен қашық болуы.
Операторды енгізу сонымен бірге ҮЕҰ қаржыландырудың
ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді, өйткені тәуелсіз сараптама
комиссиясы үкіметтік емес ұйымдардан өтініштерді тікелей тексеріп,
бағалайды.

2. Мемлекеттік гранттардың тақырыптарын қалыптастыру туралы кім шешеді қабылдайды? Тақырыптар ненің негізінде жасалынады? Олар қаншалықты маңызды?

Грант тақырыптары уәкілетті органмен мемлекеттік
органдардың ұсыныстары мен қоғамның консультацияларын ескере
отырып, мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары негізінде
құрылады. Мысалға, 2017 жылғы бірінші конкурстың гранттарының
тақырыптары VII азаматтық форумның қорытындысы бойынша құрылды,
онда 400-ден астам ҮЕҰ қатысты. Сондай-ақ, 100-ден астам ҮЕҰ өкілдері
қатысқан «Балаға мейірімді Қазақстан» атты халықаралық конференция
қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау тақырыбы
анықталды.
Уәкілетті орган халықтың өзекті мәселелерін үнемі жинайды,
олардың негізінде ең өзекті мәселелер гранттар негізін құрайды.
Біз барлық азаматтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын
көрсетуге және Министрлікке өзекті мәселелерді ұсынуға шақырамыз.
Сонымен қатар, қоғамдық бастамаларға қолдау көрсету үшін құрылған
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына хабарласуға болады.

Гранттық қаржыландыру

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсаттарында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражаты

Толығырақ

1. ҮЕҰ сыйлықақыларды тағайындау конкурсының нәтижесі қашан болады?

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министріктің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесінен (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) ұсынымдарды алған күннен бастап Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарына сәйкес сыйлықақыны беру туралы шешімді күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қабылдайды және бұл шешімді Министрліктің интернет-ресурсында (сайтында) 1 желтоқсанға дейін жариялайды.

Осылайша, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін Министрлік өзінің интернет-ресурсында (сайтында) сыйлықақыға үміткерлердің тізімін жариялап, жұмыс органының қарауына ұсынды.

Дипломдарды табыстау және сыйлықақына тағайындау Министрікпен 20 желтоқсаннан кешіктірмей жүргізіледі.

2. Өтінімдерді кім және қалай қарайды, қалай бағалайды?

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Сыйлықақыны алу үшін ҮЕҰ-ды ұсыну жөніндегі өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру;
  2. Сыйлықақыны алу үшін ҮЕҰ-дың өтінімдерін қабылдау;
  3. Өтінімдерді жұмыс органының қарауы және Үйлестіру кеңесіне ұсыныстарды енгізуі;
  4. Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарды әзірлеуі және оны Министрлікке ұсынуы;
  5. Сыйлықақыларды тағайындау.

ҮЕҰ-дан өтінімдерді қабылдау аяқталған соң, сыйлықақыларды тағайындау үшін өтінімдер жұмыс органымен және Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесімен қарастырылады.

Жұмыс органы өтінімдерді қарау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, сыйлықақылар берудің тиісті бағыттары жөніндегі сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартады.

Жұмыс органы мынадай өлшемшарттар бойынша сыйлықақы алуға өтінімдерді қарастыруы тиіс:

  1. саланы, өңірді, республиканы дамытуға қосқан әлеуметтік үлесі;
  2. ұйымның тәжірибесі;
  3. қоғамдық тұрғыда танылуы;
  4. инновациялары;
  5. қызметтің тиімділігі.

3. Сыйлықақылар кімге беріледі?

Сыйлықақылар республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін қосқан ҮЕҰ-ға беріледі.

Сыйлықақыларды тағайындау конкурсына барлы ҮЕҰ қатыса алады.

Жыл сайын сыйлықақылар үкіметтік емес ұйымдарға Заңның 5-бабы 1) тармағында көрсетілген 15 бағыт (номинация) бойынша тағайындалады:

  1. білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
  2. азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
  3. қоршаған ортаны қорғау;
  4. жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
  5. демография проблемаларын шешу;
  6. гендерлік проблемаларды шешу;
  7. халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  8. жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
  9. азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
  10. азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
  11. мәдениет пен өнерді дамыту;
  12. тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  13. қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
  14. өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
  15. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу.

Сыйлықақылар

Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы

Толығырақ